5.04.2021, 22:11
Оқылды: 50

Күдікті қамауда отыр

Облыстық полиция департаменті ауылдық өрт сөндіру бөлімі бастығының өліміне әкеп соққан оқиғаға қатысты алдын ала болжам жасады.

 Күдікті ҚАМАУДА ОТЫР

Оқиға наурыздың 25-ін­де Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылындағы №27 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орын алған. Құқық қорғаушылар жәбірленуші мен ауыл тұрғынының арасында  келіспеушілік болғанын айтады. Өрт сөндіру бөлімінің бастығына өзі басшылық ететін ведомствоға қарасты аумаққа бөтен біреудің көлік қойғаны ұнамаған.

– №27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы күдіктінің үйіне барған. Оған құзырлы мекеме аумағына автокөлік қоймауын ескертеді. Сол кезде екеуі өзара сөзге келіп қалады. Кейінірек 29 жастағы күдікті масаң күйде өрт сөндіру бөліміне барады. Бөлімде жүрген қызметкерлерден басшыларын шақыруды талап етеді. Сол жерде бөлім басшысы екеуі төбелесіп, кейін екеуі бөлім аумағынан кетіп қалған, - деді БҚО ПД ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 46 жастағы ер-азамат 26 наурыз күні таңғы сағат 8.30-да туысқанының жазғы үйінде соққыға жығылған күйінде табылған. 27 наурыз күні ол Ақжайық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде алған дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болады.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

  zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале