6.04.2021, 17:20
Оқылды: 64

Бәйтеректік жастар келелі ойларын ортаға салды

Бәйтерек ауданында «Жалынды жастар – жарқын болашақ» тақырыбында жастар кеңесі өтті.

ж1

Қоғамда жастар саясатын дамыта түсу, жастарды қоғамдық үдерістерге қосу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету мақсатында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев қатысты.

Ашық пікірталас форматында өткен кездесу барысында жастардың көкейіндегі мәселелер тыңдалды.

- Жастар – ел болашағы. Кездесуге аудан атын алты қырдан асырған спортшылар да, өнерде өзіндік орны бар жандар да келіпті. Аудан жастарының атқарған ісі аз емес. Әсіресе, карантин кезеңінде волонтерлық қызметті ойдағыдай іске асырып, көмекке мұқтаж тұрғындарға қолынан келген қолдауын аямаған қыз-жігіттердің еңбегі ұшан-теңіз. Осы алған бағыттарыңнан таймай, ауданның ғана емес, еліміздің дамуына өз үлестеріңді қоса беріңдер. Сіздердей көздерінде от ойнаған жастармен жүздескеніме қуаныштымын, - деді кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев.

ж3

Одан соң аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губаешва сөз алып, биылғы жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады.

Шара барысында аудандық «Шың» музыкалық-драма театрының жетекшісі Әліби Амангелдіұлы да өз пікірін ортаға салып, театрда атқарылған шараларға тоқталып, болашақ жоспарларымен де бөлісті.

Кездесуге келген аудандық, республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары, спортшылар, «Елбасы медалінің» иегерлері және өнер төңірегінде жүрген жастар өздерін толғандырған өзекті мәселерді көтеріп, ұтымды ұсыныстарын жеткізді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале