9.04.2021, 10:51
Оқылды: 14

Артиллерист

Владимир Иванов 1926 жылы 22 наурызда Ресейдің Озинки ауданы орталығы маңайындағы Озерный ауылында дүниеге келген. Сол жерден Қызыл әскер қатарына шақырылған. Негізі, ол 15 жасынан бастап әскерге сұраныпты. Бірақ жасы жетпейтіндіктен, жасөспірім шағында әскер қатарына қабылданбаған. 1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, артиллериялық әскердің құрамында Қиыр Шығысқа жіберіледі.

Владимир Иванов11

Маньчжуриядағы соғыс қимылдарына қатысып, сол жерде Жеңіс хабарын қарсы алады. 1945 жылғы кеңес-жапон соғысы – бұл әлем елдері тарапынан қызығушылық тудырған оқиғалардың бірі. Бір қарағанда, бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңінде болған үш апталық шайқас секілді көрінеді. Бірақ ол майдан қатыгездігі мен адам шығынының көптігімен ерекшеленді. Адамзат тарихында бұл соғыс өте терең із қалдырды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония өкілдері сөзсіз тізе бүгу  актісіне қол қойды. Жеңіс үшін Қызыл әскердің мыңдаған  жауынгері  өмірлерін  қиды.

Владимир Алексеевич ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, маршал Г.Жуков медалімен, мерейтойлық наградалармен марапатталды. Ол әскерден босағаннан кейін 1950 жылы кіші Отанына оралады. Содан кейін Орал қаласына көшіп, локомотив депосында 40 жылға жуық жұмыс істеді. Онда майдангер адал еңбегі үшін көптеген марапатқа ие болды.

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале