9.04.2021, 11:47
Оқылды: 37

Тарихи оқиғалар түбегейлі зерттелуде

«Архив – 2025» арнайы жобасы шеңберінде облысымызда бірқатар іс-шаралар қолға алынуда.

4C44763F-EDB9-4D6E-8DB3-DEA4AD68DAFB

«Рухани жаңғыру» Батыс Қазақстан өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айгүл Туркинаның бізге берген мәліметіне сүйенсек, Ресей мен Өзбекстан аумағында орналасқан қасиетті нысандарға экспедиция ұйымдастыру арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілген. Мұның өзі тарихи оқиғаларды түбегейлі зерттеуге, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасуға жол ашты. Ал Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі, өлкетанушы Нұржан Төлепов «Сакральды география» аясында облыста жалпыұлттық деңгейдегі нысандар тізіміне енген Жұмағазы қазірет кесенесін зерттеді. Бұл мекеннің атауы 1950 жылғы картада орысша «Урочище Казреткауз», яғни төл атауы «Қазірет қауыз мекені» деп айқын жазылғанын анықтады. Ол сондай-ақ Сырым ауданы Сырым Датұлы туған мекенде «Дат мешіті» болғанына зер салып, назар аударды. Оның айтуынша, 1928 жылы «Дат мешіті» жер қоғамдығы ретінде құрылып, құрамында-
ғы 40 отбасында 168 адамның толық тізімі архивте сақталған.

– «WESTAPXNB – 2025» жобасының басты мақсаты – облыстың, республиканың және шетел архивтеріндегі, сол сияқты музей мен кітапхана қорларындағы бұрын белгісіз тарихи оқиғаларға қатысты тың деректерді іздеп, ғылыми айналымға енгізу. Соның нәтижесінде жоғарыда айтылып өткен көне тарихымыздың тың деректері табылуда, – дейді Нұржан Жолдығалиұлы.

 Мұғалім Өтей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале