13.04.2021, 9:13
Оқылды: 213

«Киік-киік» деп жүріп...

Қасиетті болса да, қасіретті даламызды мекендеген киік атты  сұлулықтың баудай түсіп қырылған кезі көп. Сосын да Үкімет ақбөкендерді, яғни киікті 2006 жылы "Қызыл кітапқа" енгізді. Ал халқымыз ешқандай мораторийсіз-ақ "киелі" деген бірауыз сөзбен  әлмисақтан киікті қыруға (назар аударыңыз, атуға немесе аулауға емес, жаппай қыруға!) тыйым салып қойған.

259525_original

Киіктің киесіне ілігіп, обалына қалғандардың қандай тағдырға ұшырағандары туралы небір-небір қорқынышты әңгімелер бар.

Еті дәмді де жеңіл, адал жануар саналатын кәсіптік аң – киіктің бір азайып, бір көбейіп жүріп, тұқымы түгел құрып кетпей, бүгінге дейін аман жетуі – халқымыздың табиғатты түсінетіндігінің һәм  шектен аспайтындығының  бір куәсі. Бірақ "ерке-ерке" деп жүріп, сол киікті басына шығарып алғандай да болып тұрғанын жасырып қайтейік. Иә, бірақ бүгінгі қыр қазағының "бас ауруының" бірі – осы киік.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №29 санынан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Казталов ауданының құрметті азаматы Дариға Мұштанованың «Киік-киік» деп жүріп...» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале