15.04.2021, 8:43
Оқылды: 34

Дания «AstraZeneca» вакцинасын қолдануды тоқтатты

Дания билігі тромб пайда болуы мүмкін деген қауппен «AstraZeneca» вакцинасын қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ол вакцинаны халықтың барлық топтарына егуге тыйым салған Еуропадағы ағашқы ел болды.

вв

Дания билігі мәлім еткендей, зерттеулер нәтижесінде аталмыш препаратпен вакцина жасалғаннан кейін тромб пайда болуы жиілігі жоғары болған. Данияда «AstraZeneca» вакцинасының барлығы 2,4 млн дозасы қолданыстан алынып тасталады. Дания Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сорен Брострем бұл шешім оңайға соқпағанын айта келіп, дегенмен елде басқа да вакциналардың бар екенін, Даниядағы эпидемияның қазіргі кезде бақылауда екенін алға тартты.

«Вакциналауға кезекте тұрған халықтың келесі топтарының ауыр формада ауыру қаупі аз. Оларға ненің қауіптірек екенін таразылау керек. COVID-19 немесе аз болса да, ауыр кері әсер қаупі бар «AstraZeneca» вакцинасы», - деді ол.

Осы жағдайға байланысты Даниядағы вакциналау бағдарламасы бірнеше аптаға шегерілуі мүмкін. Алдыңғы аптада Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) "AstraZeneca" вакцинасының қан ұйығы пайда болуымен мүмкін байланысы туралы хабарлаған.

Сонымен қатар COVID-19-дан қайтыс болу қаупі көбірек екені де айтылды. Еуропаның бірнеше елі бұл вакцинаны пайдалануды қысқа уақытқа тоқтатып, кейіннен оны тек жоғары жас санатындағы адамдарды вакциналау үшін ғана қайта қосты. Сәрсенбі күні АҚШ, Канада және Еуроодақ "Johnson & Johnson" фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцинаны пайдалануды тоқтатты, мұның да себебі – қан ұйығының пайда болу қаупімен байланысты. Олардан кейін Оңтүстік Африка елі де оңтүстік африкалық штамға жақсы әсер ететініне қарамастан, «Johnson & Johnson» вакцинасының қолданысынан бас тартты. Екі жағдайда да вациналаудан кейін қан ұйығының пайда болуы – сирек кездесетін жағдай. ДДҰ ЕО-ның вакциналау бағдарламасын сынға алды. Тағы осындай кезекті кідіріс әрі қарай аласапыранға әкелуі мүмкін. Бүгінгі күні Данияда миллионға жуық адам вакцина алды, олардың 150 мыңына «AstraZeneca» вакцинасы егілді. Одан бөлек елде «Pfizer/BioNtech» және «Moderna» вакциналары қолданыста.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале