19.04.2021, 18:45
Оқылды: 55

Үшжақты комиссия отырысында ұжымдағы жалақы мәселесі оң шешім тапты

19 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің ғимаратында Бәйтерек ауданы әкімі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

IMG-20210419-WA0064

Отырысқа облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов қатысты.
Басқосуда талқыланған негізгі мәселе – 2021 жылдың 9 сәуірі күні БҚО еңбек инспекциясы басқармасына Чинарев кен орнында қызмет атқаратын «Болашақ Атырау» ЖШС-ның 52 қызметкерінен түскен еңбекақыларын өсіру жөніндегі ұжымдық өтініш хаты аясында болды.
Атап айтар болсақ, еңбек ұжымында 2017 жылдан бері өзгеріссіз келе жатқан төменгі жалақы; вахталық режимде жұмыс істейтін кіші қызметкерлердің (еден жуушы, тазалықшы) арнайы қызметтік киімдермен қамтылмауы; еңбек шартының бұзылуы, еңбекақының дұрыс есептелмеуі, медициналық басымдықтардың іс жүзінде қолданыста болмауынан мәселелер туындаған.
Кездесу барысында кәсіподақтар орталығының өкілі – Бауыржан Атауов аталмыш бірлестіктің басшылығымен онлайн байланысу арқылы істің мән-жайымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығына әлеуметтік шиеленістердің, еңбек дауларының алдын алу үшін мекемеде кәсіподақ ұйымын ашу  ұсынысын білдіріп, ұжымдық шарттың рөлі туралы айтты.
Кездесу нәтижесінде вахталық режимде жұмыс жасайтын кіші қызметкерлердің жалақысы 17,5 пайызға, қалған жұмысшылардың еңбекақысы 7,5 пайызға өсіріледі деген негізде ұжымдық шарт жасалатын болып келісілді.


«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале