21.04.2021, 8:58
Оқылды: 43

Қазақстанда вакцинация жарнамасына қаражат жұмсала ма?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вакцинацияның жарнамасына ақша қалай бөлінетінін айтты.

ввввв

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті өкілдері 9 ақпанда коронавирусқа қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілгенін хабарлады. Ол бойынша халыққа COVID-19-ға қарсы вакцинация қажет екені туралы түсіндіру іс-шаралары жоспарланған.

"Сонымен қатар, аталған жоспардағы іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмағанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "Қазақстанда вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының медиа-жоспары" әзірленіп, бекітілгенін айтты. Алайда оған да ақша қарастырылмаған екен.

Алайда 2 сәуірдегі брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали "Алматыда медиа жарнамалық компанияға (қаржы - еск.) салынғанын" айтқан болатын.

"Қазір бұл сұрақ қарастырылып жатыр, қалада вакцинация бойынша жарнамаларды көресіздер, ол жерде: қашан салу керек, қандай жағдайда салдырмау керегі және тағы басқасы түсіндіріледі", - деген еді басқарма өкілі.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале