26.04.2021, 16:02
Оқылды: 34

Ауданда ауру шықпаған ауыл жоқ

Жыл басынан бері Бәйтерек ауданында 1106 адам ковид жұқтырған. Оның 838-і симптомды болса, 268 жағдайда ауырған жандарда ковид белгілері байқалмапты. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының берген мәліметіне сенсек, ауру жұқтырғандардың 326-сы зейнеттегі жандар болса, 12-сі мүгедек, 50-і мұғалім, 41-і медицина қызметкері екен. Одан бөлек, 84 оқушы мен 20 студент бар. Олардың 10-ы 16 жасқа толмағандар көрінеді.
5643CAAB-821B-4975-8045-CEFE71C47280

-Қазіргі таңда ауырып жатқандар саны – 290. Олардың 227-сі үй карантинінде, 63-і ауруханада. Жыл басынан бері 804  адам жазылып шықса, 12 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте ауданымызда 22 жаңа жағдай тіркелді,- деді ауданның бас санитары Аят Үмбетәлиев.

Оның айтуынша, қаңтар айынан бері санитариялық талаптарды бұзған 9 адамға хаттама толтырылыпты. Оның алтауы түнгі 00:00-ден кейін көшеге шыққандар болса, екеуі дүкенде бетпердесіз қызмет көрсеткендер екен. Сонымен қатар демалыс күні жұмыс жасаған бір кафеге айыппұл салыныпты.

Аят Миллятұлының сөзіне сенер босақ, індет жұқтырғандардың көбі қалаға жақын орналасқан ауылдардан екен. Мысалы, Мичуриннің 143 тұрғыны ауырған болса, переметныйлықтар саны - 190, дарияндықтар 164 болып отыр. Қазіргі таңда ауданда covid-19 ауруы шықпаған ауыл да, елді мекен де жоқ. Сол себепті ауданның бас  санитар дәрігері барлық сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін айтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Сурет дереккөзі:  dw.com

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале