26.04.2021, 16:39
Оқылды: 27

Жәнібек ауданының 100 жылдығы аталып өтілмек

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай атқарылатын іс-шараларды талқылау мақсатында жиын өтті.

C4748016-6DF7-43AF-80C3-6FF4524212F5

Басқосуға бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиында алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев мерейтойға арналған жоспармен таныстырды. Өз кезегінде аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов өз ойларын білдіріп, тың идеялар тастады. Соның ішінде, аудан жайында жаңа кітап құрастыру, деректі фильм түсіру, аудан ғимараттарын жарықтандыру секілді бірқатар ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі Азамат Сафималиұлы тыңдалған ұсыныстарды тағы да пысықтап, жүзеге асыруға тапсырма берді.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале