8-22 сәуір күндері аралығында онлайн форматта өткен І Халықаралық «Космоновтика күні» атты сурет, қолөнер, инсталляция байқауында батысқазақстандық Айару Өтеміс жеңімпаз атанды.
Алты жасар Айару Өтеміс Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет мектеп бөбекжай балабақша кешенінің 1-сыныбында оқиды. Жетекшісі – Ақмарал Игильманова.
Халықаралық байқау еркін тақырыпта «Менің қолымнан бәрі келеді», «Су асты әлемі», «Космоновтика күні», «Сүйікті жануарлар бағы» тақырыптарын қамтыған.
«Космоновтика күні» бағыты бойынша суреттерін ұсынған Айару байқау қорытындысында І дәрежелі дипломға ие болды.
Айарудың әкесі Серікқали құрылыс саласының білгір маманы болса, анасы педагогикалық қызметте.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress