Жуырда қашықтан ZOOM платформасында Орал қалалық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері А.Мендешева мен озат тәжірибе мектебінің жетекшісі А.Қабиеваның қатысуымен №50 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар бойынша «Тиімді ресурстар – сапалы сабақ кепілі» тақырыбында озат тәжірибе мектебінің семинары өтті.
Семинар мақсаты – түрлі ресурстарды үздіксіз білім беруде тиімді қолдану. Семинар барысында мұғалімдер қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану пәндері бойынша сабақ беріп, әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.
- Шығармашылықпен терең ойластырылған, әдістері үйлесім тапқан мазмұнды сабақтар көрсетілді. Ұстаздардың тәжірибелерінен педагогикалық жаңа технологияны зерттеп, оны өз ісіне мақсатты түрде пайдалана білетін, шығармашылықпен жұмыс істейтіндері көрінді, - дейді «№50 жалпы орта білім беретін мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Зәмзамгүл Өтегенова.
Семинарға қатысушы педагогтар ұйымдастырушы тарапқа оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress