30.04.2021, 11:27
Оқылды: 38

Анна Марченко: «Кіндігім Сайқынға байланған»

Шежіресі бай Бөкей ордасында 10-нан аса өзге ұлт өкілі жергілікті халықпен біте қайнасып, жарасымды ғұмыр кешуде. Солардың бірі – сексеннің үшеуіне келген Анна Марченко.

 сайқ

Кейіпкеріміз 1938 жылы Шоңай елді мекенінде дүниеге келеді. Әкесі Василий мен анасы Прасковья Урельскийлер жүн түтіп, байпақ басып, еңбектің қара қазанында қайнаған жандар-тұғын. Әкесі майданға аттанғанда Анна үш жасқа да тола қоймаған еді. Соғыстың қайнап тұрған шағында анасы Орда ауылына қоныс аударып, жан бағыпты. Бақытына орай ордалық қазақ жанұясымен жолы тоғысып, солардың үйінен пана табады. Жат жұрттық Прасковьяны жергілікті қазақтар да  құшақ жая қарсы алады. «Біздің балалығымыз сұрапыл соғыс жылдарына тап келді. Есімде қалғаны екі бөлмелі қуықтай үйде тұрғанымыз. Екінші бөлмедегі қазақ отбасы көп балалы еді. Бір бірімізбен қабақ шытысып, шай десіп көрмеппіз. Қолдағы барды бөле жеп, татулықта ғұмыр кештік» деп сол кездерді еске алды.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 сәуір күнгі 2021 жылғы №35 санынан бөкейлік журналист Арайлым Есмағұлованың «Анна Марченко: «Кіндігім Сайқынға байланған» атты мақаласында. Оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале