Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің Сырым аудандық іріктеу сайысы өтті.
Турнирде аудан орталығы мен ауылдық округтердің палуандары бақ сынады.
Салтанатты шараның ашылу рәсімінде «Қайсар» спорт клубы директоры Е.Мұқанов палуандарға сәттілік тіледі.
Қорыта айтқанда, ІІІ орынды жымпитылық Темірлан Габбасов, ІІ орынды өлеңтілік Нұрсұлтан Мырзахметов қанжығаласа, І орынға табан тіреген Нұрымжан Ғаббасов "Сырым барысы-2021" атағына лайық деп танылды.
"Сырым барысы" атанған Нұрымжан төртінші мәрте "Қазақстан барысы" турнирінің облыстық кезеңінде аудан атынан бақ сынамақ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz