3.05.2021, 11:52
Оқылды: 0

"Сырым барысы"- Нұрымжан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің Сырым аудандық іріктеу сайысы өтті.

558DBADB-8703-41FD-8AC9-42BF2FF49002

Турнирде аудан орталығы мен ауылдық округтердің палуандары бақ сынады.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде «Қайсар» спорт клубы директоры Е.Мұқанов палуандарға сәттілік тіледі.

A740EA2C-E490-43E6-9B5E-04B4A300C4A2

Қорыта айтқанда, ІІІ орынды жымпитылық Темірлан Габбасов, ІІ орынды өлеңтілік Нұрсұлтан Мырзахметов қанжығаласа, І орынға табан тіреген Нұрымжан Ғаббасов "Сырым барысы-2021"  атағына лайық деп танылды.

"Сырым барысы" атанған Нұрымжан төртінші мәрте "Қазақстан барысы" турнирінің облыстық кезеңінде аудан атынан бақ сынамақ.

8DFA4FC6-A878-4FAD-96A3-212B7983668C

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

А.Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале