Жуырда Орал қаласында ардагер спортшылар арасында оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жиынға Жаңақала ауданы атынан ардагер спортшыларымыз қатысып, жеңістің тұғырынан көріне білді.
98 келі салмақ дәрежесінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсан Есекенов І орынды иеленсе, осы салмақ дәрежесінде Жаңақала аудандық Жастар спорт клубының қызметкері Тілек Кенжеғалиев ІІІ орынды қанжығалады.
98 келі салмақта аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаруашылық меңгерушісі Нұрбек Сұпығалиев ІІІ орынға табан тіресе, 88 келі салмақ дәрежесінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Замир Батыров жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз атанған қос ардагер спортшымыз облыс намысын Түркістан қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында қорғайтын болады. Жеңімпаздарға алдағы додаларда сәттілік тілейміз.
Гүлім Аманғалиева