Әйел затының ең басты парызының бірі жарық дүниеге сәби әкеліп, ана атану. Ал көпбалалы ана болудың жауапкершілігі одан да зор. Бүгінде өңіріміздегі көпбалалы аналардың жағдайы қалай, мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау көруде деген сұрақтарға жауап іздеген едік.
Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің тоғысқан жері деуге болады. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отбасында дүниеге келгенін бәріміз білеміз. Алайда несін жасырамыз, қазір көпбалалы ананы, көпбалалы отбасын көрсек, таңқалатынымыз бар. Өйткені көпшіліктің көкейін «Оның бәрін қалай асырайды?» деген сауал алаңдатады. «Әр баланың өз несібесі бар» деп өзімізді іштей жұбатқанымызбен, оның тәрбиесі, оқуы, жоғары білім алуы, олардың үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көпшілігіміз көпбалалы отбасына таңданыспен қараймыз.
Ал Жаңақала ауданының тұрғыны, бес баланың анасы Гүлжанат Сарбекова бүгінде аудан орталығындағы мектепте кіші қызметкер болып жұмыс істейді. Ол көп балалы болу – бақыттың кілтін табуға кедергі емес деп санайды. Керісінше «балалы үйге бақ қонақтайды» деген қағиданы берік ұстанады.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 11 мамырдағы №38 санынан оқи аласыздар.
Ләззат Шағатай,
zhaikpress.kz