11.05.2021, 9:41
Оқылды: 37

Жеңіс сарбаздарына құрмет көрсетті

Жеңістің 76-шы көктемін Бәйтерек ауданында төрт ардагер қарсы алуда. Олар: переметныйлық Макар Дорошенко, Дариян ауылында тұратын Татьяна Макиевская, рубежиндік Александр Старцев және Погодаев ауылының тұрғыны Владимир Шкуратов.

EC9A4057-8855-46DB-84DB-EDDE66121D7B

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты ардагерлерге құрмет көрсету мүмкін болмай отыр. Десе де, аудан белсенділері мен волонтерлар жас өмірін Отан қорғауға арнаған жеңіс сарбаздарын көзден таса қалдырмады. Мереке күні Дариян және Рубежка ауылдарының жастары "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын ұйымдастырып, ардагерлердің үйіне барып құрмет көрсетті. Барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен оздырылған құттықтау шарасы барысында ақсақал мен кейуанаға мерекелік сыйлық және облыс, аудан әкімдерінің құттықтаухаттары табыс етілді.

FEA729C1-E775-492E-9A07-30063B2E8C1A

Бұндай шараны Переметный және Погодаев ауылдарының жастары да ұйымдастырды. Переметныйлықтар ардагер Макар Дорошенкоға құрмет көрсетсе, Погодаев жастары Владимир Шкуратовты мейрамымен құттықтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале