15.05.2021, 13:26
Оқылды: 26

Сырымда қолөнер шеберінің көрмесі өтті

Сырым ауданындағы Қадыр ескерткіші алдында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай қолөнер шебері Нұрболат Қабиевтың "Тәуелсіздік айшықтары" атты​ көрмесі өтті.

1621031518683

Көрменің ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев көрерменді ерекше көрменің ашылуымен құттықтап, шеберге шығармашылық табыс тіледі.

- Мақсатымыз аудан халқына қолөнерші мен шәкірттерінің жұмысын таныстыру, дәріптеу, қазақ халқының қолөнер жұмысын насихаттау болғандықтан тұрғындардың тамашалауына қолжетімді болуы үшін көрмені ашық аспан астында ұйымдастыруды жөн көрдік, - дейді ұйымдастырушылар.

1621031479136

Нұрболат Ұзақбайұлы шараға келген аудан әкімімен қатар, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін шәкірттерімен жасаған туындыларының тарихын жекелей түсіндіріп, тоқталды.

IMG-20210515-WA0021

Көздің жауын алатын, құнды композицияларға балалардың қызығушылығы ерекше болғандығын да айта кету керек.

IMG-20210515-WA0022

Көрмеге шебердің қолынан шыққан жұмыстардың бір бөлігі ғана шығарылса, ең үздік деген "Ұлы бабалар үні" композициясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына табысталған. Одан бөлек, автордың бірқатар өнер иелеріне жасаған кәде сыйлары да бар.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале