21.05.2021, 14:40
Оқылды: 13

Бәйтеректе 489 адам індет жұқтырған

Бәйтерек ауданында эпидимологиялық ахуал тұрақталар емес. Аудандық санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасының  мәліметіне сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны азаймай отыр.

 в

Жаңартылған статистика бойынша қазір ауданда барлығы 489 адам індет жұқтырған. Олардың 379-ы симтомды болса, 110-ы симтомсыз.

- Ауданда COVID-19 вирусын жұқтырған 65 науқас ауруханада ем алуда. Қалған 424-і үй карантиніне оқшауланған. Науқастар санының артуы санитарлық талаптарға салғырттық танытудан болып отыр. Сақтықты естен шығару, індетті қайта өршітуі мүмкін, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале