Жақында Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтеновтің бастамасымен, мешіт жамағаттарының қолдауымен жаппай көкпаршылар ойыны болып өтті.
Алдымен аудан имамы Ерлан Бауыржанұлы сөз алып, көкпаршыларға сәттілік тіледі. Ал Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылдық «Зинел ана» мешітінің имамы Тұрсынғали Қожапов арнайы келіп, дұға жасап, батасын берді.
Отызға тарта көкпаршы қатысқан ойын тартысты әрі қызықты өтті. Ең көп салым салған көкпаршыға 80 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.
Ойын соңында табиғат аясында ақ дастарқан жайылып, Ерлан Бауыржанұлы жиналған қауымға «Жамағаттың бірлігі» жайында уағызда айтып, толғандырған сауалдарына жауап берді.
Ақжайық аудандық мешітінің баспасөз қызметі