Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауына Қаратөбе аудандық білім беру бөліміне қарасты Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушісі Ақнұр Нұржан қатысып, облыс намысын қорғап, жеңімпаз атанды.
Онлайн көрме-байқау 7 аталым бойынша өтіп, республиканың барлық өңірінен бақ сынаған оқушылар арасынан «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу,батик, киіз басу, құрақ пластикасы» аталымы бойынша балалар шығармашылығы үйінің "HappyArt" үйірмесінің оқушысы Ақнұр Нұржан жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі – Айбол Ғарифоллиев.
Сеікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress