26.05.2021, 17:41
Оқылды: 155

Қаратөбелік оқушыға елордадан сүйінші хабар жетті

Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауына Қаратөбе аудандық білім беру бөліміне қарасты Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушісі Ақнұр Нұржан қатысып, облыс намысын қорғап, жеңімпаз атанды.

Елорда жүлде

Онлайн көрме-байқау 7 аталым бойынша өтіп, республиканың барлық өңірінен бақ сынаған оқушылар арасынан «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу,батик, киіз басу, құрақ пластикасы» аталымы бойынша балалар шығармашылығы үйінің "HappyArt" үйірмесінің оқушысы Ақнұр Нұржан жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі – Айбол Ғарифоллиев.

Елорда жулде 2

Елорда жулде 1

Сеікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале