27.05.2021, 9:24
Оқылды: 95

Батысқазақстандық тіл жанашырының кітабы шықты

26 мамыр күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Салтанат сарайының үлкен залында облыс жұртшылығына белгілі білікті маман, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы, тіл жанашыры, аудармашы Гүлнәр Әлжанованың «Қолтаңбам бар менің де» атты кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

1

​Шарада кеш иесіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан онамастика саласын жүзеге асыру барысындағы елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасы, БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хаттары табысталды.

2

​Сонымен қатар, кеште Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Галиев, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Гүлмира Кубашева, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Абдульманов, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректораты атынан Айдарбек Ахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар табыстады.

3

Салтанатты жағдайда кеш иесінің «Қолтаңбам бар менің де» атты кітабының тұсауы кесілді.

Мерекелік шарада «Алаш» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Данияр Таңатаров, Назерке Ахон, ҚР мәдениет саласының үздігі Рүстем Кереев, Халықаралық байқаулардың лауреаты Рустам Хафизов өнер көрсетті.

Кеш соңында Гүлнәр Жәрдемқызы сөз алып, шараны ұйымдастырған Орал қаласының әкімдігі және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тигізген үлесіне алғысын білдірді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале