31.05.2021, 16:08
Оқылды: 48

Медицина қызметкерлерінің арасында шағын футболдан чемпионат өтті

29-30 мамыр аралығында «Орал» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алдағы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының  БҚО филиалының және облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  қызметкерлер арасында шағын футболдан чемпионат өткізілді.

 

70220294-EA0C-4972-8273-D77E531DEB87
Аталмыш шараға БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалының төрағасы Махамбет Құсайынов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Арман Қалибеков, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Артур Шерғалиев, «Орал» спорт кешенінің жетекшісі Есқабыл Жалмурзиев қатысып, қатысушы топтарға құттықтау-тілектерін арнады. Спорттық чемпионатқа денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен құралған 25 топ қатысты. Нәтижесінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы жүлделі 1-ші орынға және 100 мың теңгені құрайтын сертификатқа ие болды. Турнирдің жүлделі 2-ші орнын және 75 мың теңгені құрайтын сертификатқа Бөрлі аудандық ауруханасының қызметкерлері ие болды. Ал жүлделі 3-ші орын мен 50 мың теңгені құрайтын сертификатқа облыстық көпсалалы аурухана ұжымы иеленді. Чемпионаттың 4-ші орын мен 25 мың теңгені құрайтын сертификат Жаңақала аудандық ауруханасының қызметкерлеріне бұйырды.

Шараға белсенді қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#kasipodaqkz
#БКҰ21

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале