Сырым саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Бала шаттығы» мерекелік шарасы өтті. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мирам Қайырғалиев балаларды мейраммен құттықтап, жазғы демалыстарын көңілді өткізуге сәттілік тіледі.
Шара барысында балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы алаңында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылса, мекеме ішінде дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, Сырым саябағында асфальт бетіне сурет салудан байқау өтті.
Балалар шарасы түрлі зияткер аралдарына саяхат түрінде ұйымдастырылып, кедергілерден өткен балаларға сыйлықтар ұсынылды.
Саябақта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сурет галериясы салтанат құрды. Шараға келген ата-аналар балаларымен суреттерді тамашалады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz