2.06.2021, 14:38
Оқылды: 107

Сырымда «Бала шаттығы» мерекелік шарасы өтті

Сырым саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Бала шаттығы» мерекелік шарасы өтті. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мирам Қайырғалиев балаларды мейраммен құттықтап, жазғы демалыстарын көңілді өткізуге сәттілік тіледі.

IMG-20210601-WA0112

Шара барысында балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы алаңында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылса, мекеме ішінде дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, Сырым саябағында асфальт бетіне сурет салудан байқау өтті.

IMG-20210601-WA0099

Балалар шарасы түрлі зияткер аралдарына саяхат түрінде ұйымдастырылып, кедергілерден өткен балаларға сыйлықтар ұсынылды.

Саябақта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сурет галериясы салтанат құрды. Шараға келген ата-аналар балаларымен суреттерді тамашалады.

IMG-20210601-WA0140

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале