14.06.2021, 18:01
Оқылды: 33

Бөрліде - 25 "Алтын белгі"

Бөрлі ауданында биыл мектеп бітіруші 443 түлектің ішінен суырылып алға шыққан 25 "Алтын белгі" иегерін аудан әкімі Миржан Сатқанов қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

1513AFC0-88A7-4ED4-B4ED-BA375B24F305

Артқан үмітті ақтаған түлектердің әрқайсысына ақ жол тілеген Миржан Мұнайдарұлы "Алтын белгі" төсбелгісін тағып, естелік сыйлық пен ата-аналарына алғысхат жолдады.

-  Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ. Білімді, білікті азаматтары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Алдағы үлкен өмір – ол сіздердің келешектеріңіз. Сіздердің осы алған білімдеріңіз, таңдаған мамандықтарыңыз ертеңгі өмірлеріңіздің үлкен жолы. Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер –ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Отансүйгіштік рухтарың мықты болып, азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Сіздерге асыл арман, таудай талап, кемел білім, жарқын болашақ тілеймін, – деді өз сөзінде Миржан Сатқанов.

F4ABE78B-2A1C-4DF7-92AB-9E1E68033690

Сонымен қатар Миржан Мұнайдарұлы асқақ арман арқалаған жас түлектердің алдында тағы бір үлкен сын Ұлттық бірыңғай тестілеудің тұрғанын айтып, одан сүрінбей өтуді тіледі.  

Жиын соңында түлектер аудан басшысымен естелік суретке түсіп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Жалпы, Бөрлі ауданында биыл 443 оқушы алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Олардың 25-і «Алтын белгі», 14-і «Үздік аттестат» иеленді. Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале