Май, қаймақ, ірімшік, құрт, балық, ішек-қарын, тауық пен шошқа еті, жұмыртқа, арзан киім-кешек, тұрмысқа қажетті химиялық заттар мен балғын көкөніс, кепкен балық пен арзан темекі, көлік майын іздесеңіз ешқайда бұрылмай, Оралдағы орталық базар маңындағы «жабайы базарға» келіңіздер! Жарнамамыз тап жараспай тұрғандай ма, қалай? Бірақ шаһардың қақ ортасынан ойып тұрып орын алған орталық базар айналасының бүгінгі жай-күйі дәл осындай. Орталықтағы Х.Досмұхамедов көшесінің базар жақ бетінде үлкен арық бар. Су ағатын арықтың іші қоқысқа толып, құрттап, одан шыққан иіс қолқаны қабады. Ал сол қоқыстан бір аттам жерде саудагерлер сап түзеп, халық тұтынатын тауарлардың небір түрін сатып тұр.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №48 санындағы журналист Нұрбек Оразаевтың «Жабайы базар «жайнап» тұр немесе қоқыс арасындағы сауда» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz