Бүгін шамамен таңғы сағат 05.30-да қарауылда қызмет атқару кезінде Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы Қ. бекітілген қаруды иегіне бағыттап, өзін-өзі жаралады.
Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлерімен шұғыл қолданылған шараларға қарамастан әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады.
Оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Гарнизонның әскери-тергеу органдары тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Ұлттық ұланы
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі