Облыстық жедел штабтың тапсырмасына сәйкес, мониторингтік топтар қалада коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін рейдтік жұмыстарды күшейтті.
Орал қаласы бойынша 8 мониторингтік топпен өткен демалыс күндері 36 нысан тексерілді. Олар кафе-мейрамханаларға тұтынушыларды «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізу, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты талаптардың орындалуын қарап, түсінік жұмыстарын жүргізуде.
Рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 8 дерегі анықталды. «Динар», «Альбина+» тойханаларында үйлену тойы өтсе, «Алтын сақа», «Тенгри», «Марсель», «Жайық», «Жеті қазына», «Аделия» мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Құзырлы органдармен карантин талаптарын бұзған тұлғаларды тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жинақталуда.
Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен, бірқатар шектеулер әлі де сақталған. Соған қарамастан санитарлық талаптарды орындамайтындар әлі де бар. Топ мүшелері жыл басынан бері 190 бұзушылықты анықтады.
zhaikpress.kz
Сурет atameken.kz сайтынан алынды