22.06.2021, 9:49
Оқылды: 50

Ғалым Тұрсынбаев: «Мемқызметкерлер жалақысы айтарлықтай жоғарылайды»

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай саланың тыныс-тіршілігімен танысу үшін ҚР  Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің басшысы, Әдеп  жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым  Тұрсынбаевпен тілдескен едік.  

FC61D53B-CB23-4AA9-A1ED-9DABB6C02E50

Ғалым Сұлтанұлы, ел аумағында тараған CОVID-19 індеті көптеген қызмет салаларының жұмысын өзгертуге түрткі болды. Жаңа жағдайлар мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібіне әсер етті ме?

– Иә, дұрыс айтасыз. Коронавирус індеті бүкіл мемлекеттік аппараттың қызметіне әсер етті. Мемлекеттік аппарат қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде цифрландыру үрдісін жеделдетуге ықпал етті. Мемлекеттік қызметке кіру үшін азаматтар конкурстық іріктеудің үш кезеңінен өтеді. Біріншісі, заңнаманы білуге арналған тестілеу, екіншісі, мемлекеттік қызмет құндылықтарын ұстануды айқындау үшін жеке қасиеттерін (дағдылары, білімі мен іскерлігі) бағалау. Үшінші кезең, мемлекеттік құрылымда өтетін әңгімелесу. Пандемия басталғалы мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсының ережелері өзгертілді.

Құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ конкурстарды қашықтан (байқаушылар, кандидаттар, уәкілетті құрылымның өкілдері) өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етілді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесінен жеке куәлік, еңбек кітапшасы, №086 нысандағы медициналық анықтама, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтамалар алып тасталды. Сөйтіп құжаттар сегізден үшке дейін қысқартылды (белгіленген нысандағы өтініш, білімі туралы диплом, қызметтік тізім). Бұдан басқа Мемлекет басшысының келісімі бойынша төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік құрылымдарға жекелеген басшы лауазымдарды уақытша конкурстан тыс толтыру мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ уәкілетті құрылымның қызметшілері де конкурстарға қашықтан бақылаушылар ретінде қатысады.

Сұқбаттың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 22 маусымдағы  №50 санынан оқи аласыздар.

Гүлсезім Бияшева,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале