22.06.2021, 18:03
Оқылды: 62

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» атты дөңгелек үстел өтті

22 маусым күні «Одақтар үйі» ғимаратында БҚО «Bolashaq» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» атты дөңгелек үстел өтті.

image-22-06-21-05-58

Шараға Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшелері, ҚР Кәсіподақтар федерациясының «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары қатысты. Сондай-ақ облыстық, қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың басшылары мен белсенді жастар қатысты.

Аталмыш дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Хайруллин мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының уақытша м.а Света Ғаниева шақырылды.

Кездесу барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрсеткіштері туралы және қазіргі өзгерістерге қатысты баяндама оқылды.

image-22-06-21-05-58-1

Сонымен қатар жұмыс беруші мен жұмысшы диалогындағы жемқорлық мысалдарының себеп-салдарлары туралы жастар арасында еркін талқылаулар жүргізілді. Кәсіподақ саласында, партияда, үкіметтік емес ұйымдарда қызмет етіп жүрген жас мамандар мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтың төмендеуі және «Ашық есеп беру» жүйелеріне, еңбек қатынастарындағы жалақы деңгейінің сыбайлас-жемқорлыққа қаншалықты себепші болатындығы жөнінде пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале