28 маусым күні – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудандық қоғамдық-саяси «Серпін» газетінің ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.
Ең алдымен газеттің директор-редакторы А.Садыкова ұжым қызметкерлері туралы жеке ақпарат беріп, «Серпіннің» бүгінгі тынысы жөнінде баяндады. Аудан басшысы Әлия Биғазықызы да бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны, соның ішінде жергілікті басылымның атқарар рөліне кеңінен тоқталып, «Серпін» газетінің тілшісі Екатерина Кива мен көлік жүргізушісі Н.Алталиевқа алғыс хат табыс етті.
Әдемі кездесу аудандық мәдениет ұйымының көркемөнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.
Анар Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz