Ресми деректерге жүгінсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 230-240 теңгені құрайды екен. Осының ішінде 50-60 мың теңге алатын еден жуушы мен миллиондап табыс табатын кәсіпкерлер, министрлер мен Парламент депутаттары да бар. Әлгіндей ат төбеліндей қалтасы қалыңдар мен тапқаны қапқанына жетпейтін немесе көп балалы отбасылардың тұрмыс-тауқыметі әр түрлі, бірақ оларға нарық ұсынатын азық-түлік түрлерінің бағасы бірдей. Оның үстіне сауда орындары мен базарлардағы баға ұшынып тұр. Одан кім көбірек қиналатыны тағы белгілі.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы №52 санындағы белгілі журналист Гүлбаршын Әжігерееваның «Баға бұғалықтала ма?..» атты мақаласында.
zhaikpress.kz