Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Қобыланды Сапиуллин редакцияға арнайы келіп, «Жаңарған өңір» газетінің ең жас, I санатты тілшісі Жаннұр Хайрушеваны кәсіби мерекесімен құттықтап, алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.
- Қазіргі таңда қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып, бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп, даму көшінің бел ортасында келеді. Сіздердің қатарларыңызға өзіндік қарым-қабілетімен ерекшеленетін жас журналистер толқынының қосылуы бізді де қуантады. Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері. Ауданда байыпты, байсалды шығармашылық ұжымдардың еңбегі қашанда бағалауға лайық.
Құрметті, Жаннұр Берікқызы! Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыз. Журналистика жүгін қайыспай көтеріп, міндетіне барынша адалдық танытып жүрген сізге тек сәттілік тілеймін, - деп ол ақжарма тілегін білдірді.
Ақсәуле Сексенбайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz