2.07.2021, 9:55
Оқылды: 109

Жас тілшіге құрмет

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Қобыланды Сапиуллин редакцияға арнайы келіп, «Жаңарған өңір» газетінің ең жас, I санатты тілшісі Жаннұр Хайрушеваны кәсіби мерекесімен құттықтап, алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.

0CE7D364-0A14-4A19-B3F8-FF8DF14F6456

- Қазіргі таңда қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып, бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп, даму көшінің бел ортасында келеді. Сіздердің қатарларыңызға өзіндік қарым-қабілетімен ерекшеленетін жас журналистер толқынының қосылуы бізді де қуантады. Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері. Ауданда байыпты, байсалды шығармашылық ұжымдардың еңбегі қашанда бағалауға лайық.

Құрметті, Жаннұр Берікқызы! Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыз. Журналистика жүгін қайыспай көтеріп, міндетіне барынша адалдық танытып жүрген сізге тек сәттілік тілеймін, - деп ол ақжарма тілегін білдірді.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале