8.07.2021, 19:49
Оқылды: 43

Ардагерлер бас қосты

Жаңақала ауданындағы Рухани орталық ғимаратында аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Дархан Закарин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов, ауылдық округ әкімдері, және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

2FF5D69C-AB91-4BB1-BBA9-9E2CA09C45CF

Пленарлық отырысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихов ашып, жүргізді. Күн тәртібінде Жаңақала аудандық ардагерлер ұйымының 2018-2021 жылдары атқарған жұмысы, ардагерлер ұйымы кеңесінің құрамын және төралқа құрамын өзгерту, толықтыру, сайлау туралы екі мәселе қаралды. Одан әрі күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мақсот Шапиқұлының, Көпжасар ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжан Салауатовтың, Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерсайын Еслямғалиевтың, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаровтың баяндамалары тыңдалып, төралқа құрамы сайланды. Содан соң аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлына сөз беріліп, ардагерлер ұйымының жұмысына оң бағасын берді. Аудан басшысы ардагерлерге мықты денсаулық тілеп, ардагерлер ұйымының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале