Сырым Датұлының гидроинженерлік қыры туралы сөз
Автор анықтамасы: 45 жылдан асып бара жатқан журналистік қызметімізде талай жердің дәмін татып, іссапарларға шыққан екенбіз. Әйтсе де, соның бәрі жадыңда сақтала бермейді. Әрі оның бәрі қоржыныңды толтыратындай нәтижелі бола қоймайды. Сонымен бірге қанша жыл өтсе де санаңнан өшпей, жаныңды үнемі жылытып жүретін іссапарлар да жеткілікті.
Есімі елге елеулі азамат, танымал тұлға, өңірдің өнері мен мәдениетін өркендетуге сүбелі үлесін қосқан қайраткер А.Т.Батырхановтың бастамасымен бұдан жеті жыл бұрын Атырау облысының Қызылқоға ауданында өткізілген ғылыми-зерттеу экспедициясының құрамында болған сәтімді осындай мерейі үстем, нәтижелі сапарлардың қатарына қоса аламын. Мұнда біз қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен Сырым Датұлы салдырған бөгеттің әлі күнге дейін ел-жұрттың қажетіне жарап тұрғанына куә болып оралып едік.
Құрметті оқырман!
Біз бүгін аталған ғылыми-зерттеу экспедициясының сол бір жылдары Атырау аймағында жүргізген жұмыстары негізінде мәлім болған тың деректер мен көңілге түйген жайттарды тағы да бір ой елегінен өткізе келе, өздеріңіздің назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 13 шілдедегі №56 санынан оқи аласыздар.
Темір Құсайын,
Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының иегері