Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлының төрағалығымен өкілдікке қарасты қалалық мешіттердегі қайырымдылыққа жауапты имамдармен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесін ұйымдастыруға қатысты берген тапсырмаларының негізінде, мерекеге қатысты діни рәсімдерді жоғары деңгейде өткізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жамағаттың қауіпсіздігі үшін құрбандық шалуға тапсырыстарды онлайн ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі