16.07.2021, 14:23
Оқылды: 79

Атырауға жем-шөп жеткізілмек

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев мал азығын бірлесіп дайындау туралы меморандумға қол қойды.

BC3AD3E8-DA66-4724-9BDF-4C2C4F844C69

Меморандум ауқымында шаруашылықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жем-шөп тасымалдау жұмысын ұйымдастыруға, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сауда айналымын күшейтуге басымдық берілмек. Қолданыстағы заңнама аясында Атырау облысының шаруа қожалықтарына мал азығын дайындауы үшін БҚО аудандарының мемлекеттік жер қорынан учаске бөлу қарастырылады.

E03DF550-A2E2-4756-949A-46A7800DD32B

– Батыс Қазақстан облысы – мал шаруашылығы дамыған аймақтардың бірі. Күні бүгінге облыста 753,9 мың ірі қара, 1466,6 мың ұсақ мал, 253,4 мың бас жылқы, 2,5 мың түйе және 1638,1 мың құс тіркеліп отыр. Биыл мал қыстағына 1826,0 мың тонна шөп қорын жинау қажет. Күні бүгінге 367,4 мың тонна шөп даярланды. Ауа райының қолайлы болуына байланысты 1,5 жылға жетерлік 2739,0 мың тонна көлемінде шөп қорын дайындауды жоспарлап отырмыз. Атырау өңіріндегі алапат құрғақшылық пен мал азығының жетіспей жатқаны туралы хабардармыз. Сол себепті өзара  ынтымақтастықты нығайтуға, қыстаққа қажет жем-шөп қорын дайындауға қол ұшын созуға дайынбыз, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

12B7474C-BBBD-4254-A688-3FCE38256C00

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев биыл 573 мың тонна жем-шөп қоры қажет екенін, осы тұрғыда көрші өңірдің қолдауы маз азығын дайындауға, азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдіктері арасындағы «Қолжетімді мал азығы туралы» меморандум ауқымында жем-шөп тасымалдау жұмысы ширай түспек. Қазіргі уақытта Атырауға шекаралас орналасқан Ақжайық ауданының мемлекеттік жер қорынан 10 мың га жайылым жерді шабындық ретінде пайдалану қарастырылуда.  

 Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале