20.07.2021, 9:57
Оқылды: 45

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының аса ұлық мейрамы – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

IMG_20210720_090840_311

Бұл күні әлем мұсылмандары бірін-бірі құттықтап, арада болған өкпе-ренішті ұмытып, шаттыққа бөленіп, қуанышқа кенеледі.

Құрбан айт мейрамы бірлік пен ынтымаққа, өзара сыйластық пен татулыққа, достық пен қайырымдылыққа шақырады.
... Бәріміздің де арман-аңсарымыз – жемісті еңбек, берекелі тұрмыс, бақытты өмір. Ендеше, аспанымыз ашық, айналамыз түгел аман болып, бірлігіміз бекемденіп, берекеміз еселеніп, ынтымағымыз нығайып, ырысымыз молая бергей.

Кез келген мұсылман үшін Құрбан айт мерекесін көпшілікпен бірге өткізудің мән-маңызының жоғары екендігін жақсы түсінеміз.

Дегенмен де осынау індет өршіп тұрған кезеңде биылғы Құрбан айтты мерекелеу барысында үлкен-кішіміз бірдей сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға тиіспіз.

Қадірлі жерлестер, Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасыға аманды-саулық, бақ-береке және шаңырақ шаттығын тілеймін!

Айт қабыл болсын!

Ізгі ниетпен: облыс әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале