20.07.2021, 19:58
Оқылды: 58

Сырымда 20 жанұяға құрбан еті таратылды

Бүгін Сырым ауданының орталығындағы жаңа мешітте санитарлық талаптарды сақтаған түрде Айт намазы оқылды. Намаздан кейін ауданның бас имамы Әділхан Наурызбай айт құтпасын айтты. 

dav

Коронавирус індеті кезінде «онлайн» сөзі күнделікті сөзге айналды. Сабақ та, жиналыс та, жұмыс та – онлайн. Былтыр Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Құрбан Айт кезінде құрбан шалу амалын да онлайн, яғни қашықтан орындауға рұқсат берді. Дегенмен сырымдықтар санитарлық тәртіпке бағынып, өз ауласында құрбан шалып, мұсылмандардың ұлық мерекесін жанұяларымен тойлауда.
Мәдени – көпшілік шараларға шектеу болса да, халықтың жомарттығына шектеу жоқ. Азаматтар шалған малдарының етін мешіттің атынан ауылдастарына үлестіруде. Бас имам Әділхан Наурызбайдың айтуынша, Сырым аудандық орталық мешіті атынан  20 жанұяға құрбан еті жеткізілмек. Алдағы екі күнде отбасылар саны өсуі әбден мүмкін.

«Сырым елі»
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале