23.07.2021, 9:54
Оқылды: 174

«Маусымдық поллиноз» тұқым қуалай ма?

Жыл сайын көктем-жаз айларында маусымдық аллергияға шағымданушылардың қарасы күрт көбейеді. Әсіресе, ондай науқастардың аллергендік дерттері жер көгеріп, шаң көтерілгенде қозып, өрши түседі. Мамандардың айтуынша, тіпті кейбірі жиі түшкіріп, тамағы мен мұрны бітеліп, көзі жасаурай берген соң, өз бетінше тұмауға қарсы ем қабылдап, аллергиясы созылмалы демікпеге ұласқан жағдайлар да ұшырасады екен. Осы орайда біз аллергияның қандай ауру екенін білеміз бе? Дерт қалай пайда болады? Тұқым қуалай ма? Аллергиядан қалай айығуға болады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде көпбейінді облыстық аурухананың аллерголог дәрігері Зәуре Ортанбаевамен тілдестік.

WhatsApp Image 2021-07-23 at 09.51.01

Зәуре Халиоллақызының айтуынша, аллергия – адам ағзасының белгілі бір антигенге кері реакциясы. Яғни адам ағзасының өсімдік немесе жануарға, шаң-тозаңға, жеміс-жидекке, дәрі-дәрмекке, жәндіктердің шаққан уына, тағы басқа заттарға жоғары сезімталдығынан туындайтын ауру түрі. Жалпы, аллергияның түрі көп екен. Солардың ішінде жиі кездесетін түрлері – шаң-тозаңнан өршитін «маусымдық поллиноз» және аллергиялық конъюктивит. Аллергияның бұл түрі көктем-жаз айларында асқынатын көрінеді. Науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Асқынған жағдайда тыныс алуы нашарлап, денесі ісініп, тіпті аллергиялық естен тану жағдайына да тап болуы мүмкін.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 23 шілдедегі  №59 санынан оқи аласыздар.

 

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале