Казталов ауданы орталығындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүруде. Казталов ауылдық округі бойынша екі үміткер тіркелген болатын.
Олар «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Ернар Ғалымов және өзін-өзі ұсынушы Руслан Шәріпқалиев. Қазіргі уақытта сайлауға аталған үміткерлердің сенімді өкілдері де қатысып, сайлаудың әділ өтуін қадағалауда. Жалпы бүгінгі сайлауға 12 сенімді өкіл қатысып отыр. Солардың бірі Ернар Ғалымовтың сенімді өкілі Нұрлан Құсайынов.
-Мен аудан орталығындағы №220-шы сайлау учаскесінде сайлаудың жүргізілу барысын бақылап отырмын. Дауыс беру науқаны басталғалы заңбұзушылық байқалмады. Сайлау ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес әділ жүргізілуде. Жалпы халық дұрыс таңдау жасап, сайлау әділ өтуі керек. Сонымен қатар сайлауда санитарлық талаптар сақталған, - деді Нұрлан Құсайынов.
Асылбек Нәсіпқали
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер