25.07.2021, 10:33
Оқылды: 22

Кез келген тұрғын дауыс бере алады

Биыл алғаш рет өтіп жатқан ауылдық округ әкімдерінің сайлауы көпшіліктің саяси белсенділігін арттырды. Жасы да, жасамысы да науқанға белсенді қатысуда. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандар мен түрлі себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар да дауыс бере алады. Ол үшін сайлау учаскесінің мүшелері алдын ала өтініш берген азаматтың үйіне баруда.

A763B866-EF08-4D8C-9792-7A915D77F4C8

Жасы келген зеленыйлық еңбек ардагері Амангелді Мыңбаев осы мүмкіндікті пайдаланды. Қоғамдық жұмыста белсенді қария өз дауысын беру үшін сайлау комиссия мүшелерін үйіне шақырды.

-Ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы таңдау — елдегі демокртияның көрінісі. Жаңа сайланар әкім елмен етене араласып, ауылдағы шешімін күткен мәселелерді реттеуге күш салады деген сенімдемін. Біз сияқты учаскеге бара алмайтын тұрғындарға мүмкіндік берген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысы да көңілден шығады. Еліміз дамып, ауылымыз көркейе берсін,- деді ауыл ақсақалы А. Мыңбаев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале