Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылдық округіндегі сайлауға алғашқылардың бірі боп ауыл тұрғыны
Гүлсара Жангереева келді.
-Бүгін жергілікті тұрғындар болып ауыл әкімін сайлауға атсалысып жатырмыз. Мен үшін бұл сайлаудың маңызы зор. Бала-шағам, жастар ауылымыздың одан сайын көркейіп, дамып, гүлденгенін көре берсе деймін. Ол үшін іскер, елжанды, па
расатты басшы тізгінді қолға алуы керек. Өз таңдауымды үлкен сеніммен жасадым, - деп пікірін білдірді Гүлсара Жангереева.
Арайлым Маратқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер