3.08.2021, 16:15
Оқылды: 32

Бәйтеректе эпидахуал өзгеріссіз

Бәйтерек ауданындағы эпидемиологиялық ахуал өзгеріссіз. Жаңартылған статистикаға сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны әлі де азаймапты.

ковид

Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың 421 симтомды, 50 симптомсыз екен. Жалпы 421 адамның ПЦР тесті оң нәтиже берген. Эпидемиолог бұл алдыңғы көрсеткіш бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін айтуда.

-Вирус жұқтырған науқастардың 23-і ауруханаға жатқызылған, 448-і үй карантинінде. Індет өңірімізде көбіне карантин ережелерін дұрыс сақтамағаннан таралып жатыр. Ауруға шалдығып жатқандардың басым бөлігі, бір отбасы мүшелері вирусты көпшілік шоғырланған жерлерде, той-томалақтарда бір-біріне жұқтырып жатады. Жағдайдың алдын алу мақсатында өзіміздің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап,  карантин ережелерін мұқият сақтайық, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале