3.08.2021, 17:38
Оқылды: 29

Мал баққанды ғана емес, қадағалауды да қажет етеді

Соңғы уақытта жолда қараусыз жүрген мал кесірінен болған апат жиіледі. Аталған фактілер мал өтетін жерлерде арнайы жол белгілерінің жоқтығынан және ауыл шаруашылығы жануарларын бағу қағидаларының бұзылуынан орын алады екен. Соның салдарынан болған оқыс оқиғалар қайғылы жағдаймен аяқталып жатады.

ДТП

Кезекті қайғылы оқиға Орал-Кирсанов автожолында орын алды. «Volkswagen» көлігі жүйткіп келе жатып, жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. Осылайша қараусыз мал жол-көлік апатына себепші болған. Апат салдарынан 1997 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық көпбейінді ауруханада көз жұмыпты. Бұл жайында Бәйтерек аудандық полиция бөлімі мәлімдеді.

-Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Жол жүру қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сондай-ақ мал иесі анықталып, Ол ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұнымен қоса, аудан тұрғынарына ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың типтік ережелерін бекіту туралы» бұйрығының күшіне енгендігі жайында ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, - дейді дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Азамат Жұмағұлов.

Аталған ережеге сәйкес малды еркін жайғаны үшін мал иелеріне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Полиция қызметкерлі көлік апаттарын алдын алу мақсатында шаралар жүргізуде.

Орал-Кирсанов бағытындағы жолда болған оқыс оқиға бағусыз жүрген мал кесірінен болған алғашқы жағдай. Десе де әр азамат төрт түлігіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале