Пандемия салдарынан біраз мекеме жұмысы тоқтап қалып жатыр. Әсіресе тойханалар көп зардап шегуде. Осы кезге дейін Үкімет біраз көмек көрсетті. Тіпті кәсіп бастаймын деген азаматтардан да мемлекет қолдауын аямады.
Бизнес бастаймын, табысты боламын деген жандарды қашықтан болса да оқытып, білімдерін толықтырды. Кәсіпкерлік курстарын онлайн оқыған азаматтардың бірі – Үлкен Шаған ауылында тұратын Ольга Давыдова.
Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алды. Бұрыннан іс бастауды ойлағанымен оған қаражат жетіспеушілігі қолбайлау болып жүрген еді. Бүгінде Олга Александровна Үкімет берген грант қаржысына өз жинағын қосып, қажетті құрал-саймандарын алды.
Қазіргі таңда Үлкен Шаған ауылынан ашылған шаштаразға келушілер көп. Ауыл тұрғындары да Ольга Давыдоваға разы.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz